«№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сонау 1968 жылы «Мейірімділік үйі» болып ашылып, 1992 жылы «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйі» атанып қызмет алушыларға жаңа үлгідегі 5 қабатты ғимаратқа орналастырылды. Ал 2016 жылы №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы болып аталды.
Орталық 280 орынға бағытталған, оның ішінде стационарлық жағдайда тұрақты тұруға 180 орын, жартылай стационарлық жағдайда 100 орын, денсаулығының жай-күйі бойынша басқа адамның тұрақты күтіміне және медициналық көмекке мұқтаж қарттар мен I, II топ мүгедектердің тұрақты тұруына арналған. Орталықта қазіргі уақытта барлығы 154 қызмет алушы бар, оның ішінде тыл ардагері 9 қызмет алушы.
Сонымен қатар қызмет алушыларына 7 бағытта арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері: әлеуметтік тұрмыстық қызмет, әлеуметтік медициналық қызмет, әлеуметтік психологиялық қызмет, әлеуметтік еңбек қызметі, әлеуметтік мәдени қызмет, әлеуметтік экономикалық қызмет, әлеуметтік құқықтық қызмет көрсетілетін орталыққа биыл 50 жыл толып отыр.
Осыған орай 2018 жылдың 1 қазан күні Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдығы мерекелерінің аясында «Мейірімге толы жарты ғасыр» – атты орталықтың 50 жылдық мерейтойы аталып өтті.
Мерейтойлық шарада мекеменің тыныс тіршілігі жайлы кітабының перезентациясы, соғыс және еңбек ардагерлерніне арналған «Ерлік елге мұра – ұрпаққа аманат» атты естелік тақта, Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен орталық қызмет алушылардың қолөнер юұйымдарының көрмесі, мекеме ауласында «Алтын күз» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, «Мейірімге толы жарты ғасыр» атты мерекелік концертте әннен шашу шашылып, мың бұралған биші қыздардың биі қойылды.
Мерекелік шараға Облыс әкімінің орынбасары Қ.Ысқақов қатысып, жарты ғасырлық тарихы бар маңызды мерекемен көпшілік қауымды құттықтап, естелік сыйлығын ұсынды. Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары И. Құттықожаев, орталықтың өсіп-өркендеуіне ат салысқан ардагер зейнеткер А.Құдайбергенов құттықтау лебізін білдірді. Орталық қызметкерлері Облыс әкімінің, «Нұр Отан» партиясының, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Қызылорда облыстық кәсіподақ комитетінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Мерейтой қарсаңында Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Елемесов кәсіподақ комитеті атынан арнайы алынған сыйлықты мекеме басшысы Л.Каримоваға табыс етті.
Сондай-ақ Қызылорда облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, Қызылорда облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші қон комитетінің департамент басшысының орынбасары Л.Боранбаева, демеуші ЖШС «Интстрастрой» ұжымының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ 280 адамнан аса орталықтың қызметкерлері мен қызмет алушылары мерекелік іс-шараны тамашалады.