Ақтөбе облысының Кәсіподақтар белсенді мүшелері өнеркәсіп және құрылыс кәсіпорындарының басшыларына жалақыны арттыруға қатысты үндеу бағыттады

22 қазан күні Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев және ҚР ИДМ Ж.Қасымбек, Ақтөбе облысының өнеркәсіп мекемелерінің кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын жеткізіп, сұхбаттасты.
Жиналыстың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының Кәсіподақтар белсенді мүшелерін бастаған Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы А.Әмірғалиев, Елбасының Жолдауын бір ауыздан қолдап, барлық өнеркәсіп және құрылыс кәсіпорындарының басшыларына жалақыны арттыруға қатысты үндеу бағыттады.

Құрметті Ақтөбе облысы өнеркәсіп және құрылыс компанияларының басшылығы!                                     

 
Біз, облысымыздың өнеркәсіп компаниялары еңбек ұжымдарының атынан Мемлекет Басшысының жұмысшылардың әл-ауқаты деңгейін арттыру жөніндегі бастамасын толық қолдаймыз.
Өздеріңізге белгілі, Мемлекет Басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында Қазақстан халқына және ірі кәсіпорындарға жалақының ең төменгі деңгейін 1,5 есеге, 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін арттыру бастамасын ұсынды.
Осы бастаманың жоғары әлеуметтік және экономикалық маңыздылығын ескере отырып, біз өнеркәсіп компанияларын 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақы деңгейін арттыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ кәсіпорынның барлық жұмысшыларымен қызметкерлері үшін мүмкіндіктер шегінде барынша арттыруды қамтамасыз етуге шақырамыз.
Бұл Ақтөбе облысының өнеркәсіп саласындағы 50 мыңнан астам жұмысшыларының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Бастаманы қолдау ұжымдар арасындағы моральдық ахуалды арттыруға ғана емес, сонымен қоса ел экономикасының одан әрі дамуында мультипликативті әсерді қамтамасыз етеді.

Ақтөбе облысы Кәсіподақтар Орталығының төрағасы А.Әмірғалиев
«Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жұмыскерлерінің салалық кәсіби одағының  Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы  Б.Телибеков
Кәсіпкерлік жұмыскерлерінің салалық кәсіби одағының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы  Н.Мурзағалиев
«Казхром» АҚ филалы АФЗ кәсіподақ ұйымының төраға орынбасары  С.Мұкашев
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жұмысшыларының жергілікті кәсіподақ ұйымның төрағасы  Ж.Күзембаев
«Ұлы Қабырға ҚҰБҚ» жұмысшыларының жергілікті кәсіподақ ұйымның төрағасы
Б.Омаров  «Шығыс мұнай және сервистік қызметтері ЖШС-нің жұмысшыларының кәсіподақ ұйымының төрағасы
И.Бекқұлов  «Казахойл» ЖШС мұнайшылар кәсіподақ ұйымының төрағасы Ғ.Әбілғазин

https://www.youtube.com/watch?v=e_6k0jTwQgg#action=share