2018 жылғы 25 қазанда Қарағанды облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ғимаратында«Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы активтерін басқару дирекциясы» (әрі қарай Дирекция) мекемесі «Кәсіподақтар мүлкіне немқұрайлы қарау – еңбек адамының мүддесіне нұқсан келтірумен тең»атты семинар-мәжіліс өткізді.
Семинар-мәжіліс жұмысына «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы» РБКтөрағасының орынбасары М.Б.Тінікеев,Дирекция бас директоры Ж.А.Мұқтар, бас директордың орынбасары М.Ж.Нұртазин, сектор жетекшілері Қ.С.Асанов,М.Ю.Брылева,А.А.Маманова, М.А.Мыңбаев, А.Т.Жұмабеков, сондай-ақ орталық, шығыс және солтүстік облыстардағы профсервистер ЖШС және қонақ үй кешендері директорлары мен бас бухгалтерлері қатысты.
Семинар-мәжілісті Ж.А.Мұқтар Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасы Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлының қатысушыларға жолдаған сөзімен ашты.
М. Б. Тінікеев Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы аясында өте мағыналы әңгіме өткізді. Талқылау барысында Елбасының Жолдауындағы жарқын әлеуметтік бағыттар туралы атап өтілді. Онда әр қазақстандықтың әл-ауқатының артуына, өмір сүру сапасы мен кірісінің өсуіне ерекше көңіл бөлінген. Білім беру, медицина, құқық қорғау және бизнес салаларында маңызды реформалар күтілетіндігі туралы сөз етілді.
Әрі қарай профсервис ЖШС типтік Жарғысы, Дирекция және оның құзырындағы мекемелер туралы буклет-ақпарат, «Профсервис жұмыстарын жетілдірудегі Дирекцияның ролі», «Серіктестіктер қызметінің құқықтық аспектілері», «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы активтері мен мүліктері сұрақтары және шипажайлар, демалыс үйлеріне жолдамалар таратудың жаңа формаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша Дирекцияның аумақтық бөлімдерімен қарым-қатынас тәртібі туралы, «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының шаруашылық субъектілерінің қаржылық-экономикалық жағдайы» туралы материалдар, сондай-ақжалақы, сыйақы және материалдық көмек туралы Ережелерінің жобалары ұсынылды.
Семинар-мәжілістің екінші бөлімі өте қызықты өтті. Онда жергілікті жерлерден келген қатысушылардың сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалып, олардың біразы назарға алынатын болды. Кәсіподақтар мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін іс-шаралар талқыланып, нормативтік құжаттарға түзетулер енгізу жоспарланды. Жұмыс барысында Федерация ғимараттары мен шипажайлары еңбек адамының мүддесі үшін қалай пайдаланылуға болатындығын анықтау жолдары да қаралды.
Семинар-мәжілістің қорытындысы бойынша профсервистер мен қонақ үйлер басшыларына жұмыс сапасын жақсарту және кәсіпорын имиджін нығайту талаптары қойылды. Осындай форум еліміздің оңтүстік және батыс аумақтарында да өткізілмек.