Жолдау – өрлеу өзегі

2 қарашада Қызылорда қалалық мәдениет үйінде облыстық кәсіподақтар ұйымдастыруымен «Жолдау – өрлеу өзегі!» атты облыстық білім қызметкерлері арасында үгіт насихат бригадалары байқауы өтті. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауларын насихаттау мақсатында құрылатын үгіт бригадалары 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауын жан-жақты талдап түсіндірді. Елбасының ұсынған әр жолғы Жолдауы – стратегиялық маңыздылығы айқын және нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғандығы аталып өтілді. Байқауға облыстың жеті ауданы мен Қызылорда қаласынан барлығы 8 топ қатысып, бақ сынасты. «Ең үздік үгіт тобы» атағын Сырдария ауданының «Кемел болашақ» командасы жеңіп алып, облыстық білім және ғылым салалық кәсіподағы атынан «Жұмбақтас» демалыс орынына жолдама алды, байқауға қатысушы барлық командалар арнайы номинациялармен марапатталды.