Жолдау халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту

Мемлекеттік мекемелері, банк және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіподағы облыстық комитетінің жуырда өткен кезекті отырысында Елбасының биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы «Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру» тақырыбында өтті. Бұл маңызды құжат халықтың көкейінде жүрген, асыға күткен, олардың тұрақты өмір сүруіне аса өте қажет еді.

Өйткені, біз аяқ басып келе жатқан жаңа дәуірде, халқымыздың әлеуметтік ахуалының жақсаруы мен тұрақтылығы өте маңызды.

Халықтың әл-ауқаты жақсармайынша елдің экономикасы заман талабына сай өркендеуі қиын. Сондықтан бүгінгі кәсіподақ ұйымдарынын алдында үлкен міндеттер тұр. Ол елдін алдында тұрған стратегиялық бағыттарға түбегейлі ат салысып, қоғамдық ұйымдардың алдыңғы шебі бастамашылар болу керек,- деді төрайым К. Есебаева.

Ендігі мақсат индустриялық – инновациялық дамыту бағдарламасынан ғылымға негізделген экономикалық стратегияға бірте- бірте ауысуды, сол арқылы елдің әл-аухатын арттыруға болатындығын, ғылымсыз болашақ жоқ екендігің баса айтқан Елбасының саясатын халық арасында түсіндіру жұмыстарынан бүгінгі кәсіподақ шет қалған еместігіне тоқталып өтті..

Жолдауда халықтың әл- ауқатын жақсарту, әлеуеті мен мәдени деңгейін көтеру мақсаттары қойылған. Соңғы он жылда елімізде 1000-ға жуық мектептер мен балабақшалар, 500-ден астам ауруханалар мен дәрігерлік қызмет орындары ашылып, көптеген әлеуметтік нысандар мемлекет есебінен салынып жатыр. Цифрлық технологиянын күн санап қажеттілігі артып келе жатқандығында тілге тиек етті.

Облыстық салалық кәсіподақ комитетінде қаралған тақырыптардан туындайтын міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыру жергілікті бастауыш ұйымдардың міндетіне айналған.

Созақ ауданында мемлекет есебінен биылдын өзінде 1 мектеп, 2 балабакша, 5 шағын спорт аландары, 4 елді мекенде аландарды жарықтандыру жүргізілді.

Инвестиция тарту, тауарлы өнім өндіру көлемі жыл сайын артуда. «Бизнес жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 4 жоба қабылданды. Ауданда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру көлемі 14-тен 15 пайызға артты. Құрылыс саласында да жетістіктер аз емес..

Жұмыспен қамту, кадрларды қайта даярлау, жастар практикасы, білім, денсаулық, спорт мәселелері де қолға алынып отыр.

Елбасының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам атты бағдарламасы кәсіподақтар консултативтік – кеңестік құрылымдар мен қоғамдық кеңестер құрамына кіруге тиістігін, еңбек адамының мүддесін кәсіби тұрғыда қорғауға, салалық кәсіподақтар нақты ықпалдасып өздерінің

әлеуметтік еңбек топтарының мүддесін білдірулері маңызды деп атап көрсетті. Бұл кәсіподақтардың күші бірлікте деп аталуының өзі соны меңзейді.

Өйткені еңбекшілердің белсенділігі артпайынша қоғамның дамуы өрістемейді. Ал онсыз мемлекетімізді нығайту, елімізді көркейту мүмкін емес.

Жолдауда келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 42 мың тенгеге дейін өсуін белгіленді. Елдің агроөнеркәсіп кешені мен шағын орта бизнесті дамытудың 5-тренді ұсынылды. Бұдан бөлек әр сала жұмыстарына байланысты атқарылуға тиісті жұмыстар белгіленіп, үкіметке тапсырылды.

Жолдаудың тағы бір ерекшілігі, елімізге жаңа технологияларды ендіре отырып, бұл бағыттағы жұмыстарды әлемдік стандартқа сүйене жүргізудің қажеттілігіне назар аударылды.

Бұл ретте кәсіподақтардың да атқарар жұмысы баршылық. Бірінші кезекте Жолдаудың тұжырымдамалары мен алға қойып отырған міндеттерді халыққа түсіндіріп, насихаттауға белсене қатысуы болмақ.

Жолдаудан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру, елге жан- жақты түсінік жұмыстарын жүргізу, бұл атқарушы органдар мен саяси партиялардың, жұмыс беруші бірлестіктері мен кәсіптік одақтардың қоғамдық бірлестіктерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдары мен басқа да құрылымдардың қызметіндегі ортақ мәселе. Сондықтан да мемлекеттік мекемелері, банк және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіподағы облыстық комитетінің кезекті кеңес отырысында бұл мәселе арнайы қаралып, Жолдауға қолдау білдіріп, оның жергілікті ұйымдарына белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыруға белсенді қатысудың алғы шарттарын белгілеп берді.

Осы мақсатта, Созақ аудандық кәсіподақ комитеті мен оның жергілікті ұйымдары, Қазақстан кәсіподақтарының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасында, тұрақты дамыған диалог пен серіктестік негізінде салалық және аймақтық келісімдердің талаптарын мүлтіксіз сақтау, кәсіподақ қызметін ұйымдық жағынан нығайту, жұмысшы жастарды кәсіподақ мүшелігіне тарту, бірыңғай қаржы саясатын жүзеге асыру, жұмыссыздықты төмендету, жалақы деңгейінің төмендеуіне жол бермеу, өндірісті дамытудың жаңа бағдарламаларын іске асыруға жұмыс берушілермен тұрақты жұмыс жүргізуді мақсат етіп келеді.

Созақ аудандық кәсіподақ комитетіне қарасты 32 бастауыш ұйымында 700-ден астам кәсіподақ мүшесі жұмыс жасайды. Олар елімізде болып жатқан оң өзгерістерді қолдай отырып, ұйым жұмысын нығайтуды, әрбір еңбеккерлерге Жолдаудын маныздылығын түсіндіріп, адам әлеуетін дамыту бойынша сапалы білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениетті дамыту және мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жұмыс жасау, бұл ретте Елбасының саясатын іске асыруға салалық органдарды жұмылдыруда.

Елбасының кәсіподақтар еліміздің қоғамдық – саяси оқиғалардың барлығына қатысуды және белсенділік танытуға шақыруы кәсіподақ ұйымдарының жұмысына үлкен серпіліс жаңаша леп тудыруда.

Еліміздің өркендеу жолында алға қойған мідеттерін абыроймен орындау аудандық кәсіподақтардың басты міндеттеріне айналған. Облыстық салалық кәсіподақ комитетінің тәжірибелі басшысы К. Есебаева ханым жергілікті кәсіподақ ұйымдарына әдістемелік, практикалық көмек көрсетуді ұмыт қалдырған емес.

Бұл бастауыш ұйымдардын, ұйымдық жағынан нығайа түсуіне, өз мүшелерінің құқықтарын қорғау мен олардың еңбек қауыпсіздігіне, ұжымдық шарттардың қабылдануы мен орындалуына ықпал етуде.

Олай болса кәсіподақтарда осы жолда өзіне міндеттелген тапсырмалар мен шешімдерді іске асырудың ұйтқысы болады.