ҚР Кәсіподақтар Федерациясы Отын-энергетикалық кешен қызметкерлері салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Дмитрий Сенявскийге шабуыл жасалғаны үшін алаңдаушылық білдіреді.
Белгісіз тұлғалардың заңсыз әрекеттері нәтижесінде кәсіподақ көшбасшысы Дмитрий Сенявский жабық бас жарақатын алды, қолы сынды, денесі мен бетіне көптеген жарақаттар түсті және басқа да жарақаттардан зардап шекті.
ҚР Кәсіподақтар Федерациясы бұл оқиғаны шынайы тексеріп, анық-қанығына жетуге шақырады.