ХКК Дүниежүзілік Конгресінің V күні

Бүгін Копенгагенде Халықаралық Кәсіподақтар конфедерациясының (ХКК) Конгресінің бесінші жұмыс күні өтуде.

ҚРКФ делегациясы Федерация Төрағасы Бақытжан Әбдірайымның төрағалығымен толық құрамда Конгресс жұмысына қатысуда.

Бүгін Дүниежүзілік Конгресте халықаралық кәсіподақ қозғалысының мүшелері пленарлық және секциялық отырыстарға қатысып, еңбеккерлердің құқықтарын қорғау, еңбекақыны арттыру, лайықты еңбек шарттарын құру, гендерлік тепе-теңдік, сондай-ақ жастардың кәсіподақ жұмысына қатысуы сынды мәселелер бойынша ой-пікір алмасты.