Еңбек адамын құрметтейміз!

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясында және өңірлік кәсіподақтар орталықтарында әртүрлі салада жұмыс істейтін еңбек адамдарына құрмет көрсетілді.

Кәсіподақтар федерациясының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылдың 21 қарашасындағы Жарлығымен, экономиканың түрлі саласында еңбек ететін ең үздік 49 адам лайықты наградаларын алды.

ҚРКФ Атқару комитетінің салтанатты жиынында сөз алған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым: «Еліміздің дамуы үшін маңызды шешімдердің жүзеге асырылуы – қарапайым жұмысшының ерен еңбегінің нәтижесі. Еңбек адамының денсаулығы мен сапалы білімі, біліктілігі мен тәжірибесі – елiмiздiң баға жетпес негізгі байлығы. Бүгінде Қазақстанның кәсіподақ қозғалысы жаңару мен жаңғыру кезеңіне аяқ басты. Азаматтарды әлеуметтік-құқықтық және мүддесін қорғауда тынымды істер жүзеге асырылуда. Мемлекеттік наградалар – бұл тәуелсіз Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан, түрлі саланың еңбекшілеріне, кәсіподақ мүшелерінің зор қызметі мен еңбегін халықтың қадірлеуінің белгісі», – деп атап өтті.

Марапатқа ие болғандардың қатарында:

«Құрмет» орденімен:

«Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС кәсіподақ ұйымы филиалының төрайымы Татьяна Чигвинцева, (Павлодар облысы)

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен: «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ машинисті Киікбай Аймағамбетов, (Маңғыстау облысы)

«Комсомол» ЖШС механизаторы Саржан Бимағанбетов,(Ақтөбе облысы)

«Жолдасбай-Агро» ФШ малшысы Рауан Бралин, (Солтүстік Қазақстан облысы)

«Қарашағанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. компаниясының техник-механигі Исатай Дощанов, (Батыс Қазақстан облысы)

«Қаражанбасмұнай» АҚ машинисті Кенган Карынбаев,(Маңғыстау облысы)

«Қазақстан Темір Жолы» АҚ учаске шебері Виктор Мильц, (Шығыс Қазақстан облысы)

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

«Зенит Орал Зауыты» АҚ кәсіподақтар ұйымының төрағасы Владимир Куликов, (Батыс Қазақстан облысы)

«Алматы облыстық Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әсет Қыдырманов,(Алматы облысы)

«Қазхром» Трансұлттық компаниясы» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты филиалының кәсіподақтар ұйымының төрағасы Николай Сухотерин,

( Павлодар облысы)

«Қазақстан білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық комитетінің төрағасы Максим Үмбеталиев, (Батыс Қазақстан облысы)

«Қазақстан мұнай-газ салалық кәсіподағы» ҚБ Атырау облысы «Ембімұнайгаз» АҚ филиалының кәсіподақ комитетінің төрағасы Кенжеғали Шанқанов (Атырау облысы) марапатталды.

Сонымен қатар бастауыш кәсіподақтар ұйымының, салалық және жергілікті кәсіподақтардың үздік мүшелері Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының марапатына ие болды.