26 желтоқсан күні «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Бақытжан ӘБДІРАЙЫМ Алматы Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек ЕСДАУЛЕТПЕН кездесті.
Алматы қаласындағы бұл бас қосу еркін форматта өтті. Кездесу барысында ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттары талқыланды. Әңгімелесу барысында Б.Әбдірайым Ұлықбек Есдаулет басқарып отырған мекеменің жұмысшыларын кәсіподақ шипажайларында ем қабылдауға шақырды. Сонымен қатар 2018 жылдың 13-ші сәуірде ынтымастық туралы қол қойылған мемарундумға сәйкес, Федерация тарапынан, Қазақстан Жазушылар одағының ардагер мүшелері үшін кәсіподақ шипажайларында жеңілдік жасайтынын айтты. Ұлықбек Есдаулет, екі жақтық келісімге сәйкес Қазақстан Жазушылар одағында салалық кәсіподақ ұйымын құру жұмыстары басталатындығына тоқталып кетті. Айтылған кәсіподақ өз жұмысын бастағаннан кейін қоғамының және мемлекеттің өзекті мәселелерін шешуге белесене қатысатындықтарын жеткізді. Екі жақ өзекті мәселелерді атап өтіп, бірқатар ұсыныстарымен бөлісті.