Түркістан облыстық ұйымының XXI есеп беру-сайлау конференциясы өтті

2019 жылғы 17 қаңтар күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облыстық ұйымының XXI есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Облыстық кәсіподақ комитетінің өкілеттік нормасына сәйкес, конференцияға 117 сайланған делегаттың, конференция жұмысына 113 делегат қатысты. Облыстық кәсіподақ конференциясына Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақтары одағының төрайымы Амантаева Майра Тұрғанқызы, облыстық білім басқармасының басшысы Сағындықов Исатай Өмірзақұлы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызы, Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының төрағасы Бекжанов Берік Айдарбекұлы, Жамбыл облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Мағзумбеков, шақырылғандар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Конференцияда Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының төрағасы Бекжанов Берік Айдарбекұлы 2018 жылдың 3 қазанында өткен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кезектен тыс XXV съезінде 2019 жылға айқындалған маңызды міндеттерді, білім саласындағы кәсіподақ комитетінің кемшіліктері, еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау және осы жылға атқарылатын жұмыстары жайында баяндады. Сондай-ақ, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облыстық комитетінің төрағасы Еркінбек Бахыт Сейітжаппарұлы есепті баяндамасы тыңдалып, онда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларын насихаттау және түсіндірме жүргізу жөнінде атқарылған жұмыстар, кәсіподақтардың рөлін күшейту және жетілдіре түсу, кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қызметін қазіргі уақыт талабына сай жүргізу, олардың мұқтажына дер кезінде көңіл бөліп, уақтылы шара қолдану жөніндегі жұмыстар кәсіподақ ұйымдары қызметіне жаңа серпін беру жөніндегі міндеттер атап көрсетілді. Облыстық, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жақсарту және белсенділігін көтеру, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жұмыстары, жұмыс істеуші әйелдердің құқықтарын қорғау, ұжымдарда еңбек дауларын болдырмау және алдын алу жөніндегі атқарылған жұмыстар сараланды, кемшіліктерді жою жөніндегі міндеттер айтылды. Конференцияның делегаттырың бір ауыздан сеніміне ие болып жаңа мерзімге облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Еркінбек Бахыт Сейітжаппарұлы сайланды. Конференцияда кәсіподақ белсенділері төс белгімен және құрмет грамоталарымен марапатталды.