2019 жыл 21 қаңтар күні Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 49 үйде орналасқан кәсіподақтар орталығында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Бекжановтың қатысуымен салалық кәсіподақ басшыларымен Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Үйлестіру кеңесінде еңбек дауларын шешу, медиация жұмыстарын жандандыру бойынша «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Айдарбекұлы Бекжанов пен «Медиацияны дамыту орталығы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі және «Тәжірибелі заңгерлердің ұлттық орталығы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша өкілдігінің директоры Акшегирова Лаура Мұратқызы тараптар атынан Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумның басты мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Болшаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Еңбек қоғамына қарай 20 қадам», «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында дауларды реттеу, соның ішінде медиацияны дамыту және дауды (жанжалдарды) шешудің басқа да баламалы әдістерін дамытуды реттеу болып табылады.
Сонымен бірге Үйлестіру кеңесінде кәсіподақтардың Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша 2018 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен 2019 жылға қойылған міндеттері айқындалып, жылдық жұмыс жоспары бекітілді.
Сонымен қатар БАҚ-тарда мақалалар мен атқарылған жұмыстарды жариялау жұмыстарының деңгейін көтеру мселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.