23 қаңтарда Италияның Бари қаласында Жалпыға ортақ Италияндық Еңбек конфедерациясының VXIII конгресінде ұзақ пікірталастар мен талқылаулардан кейін бас хатшы лауазымына Маурицио Ландиниді сайлау туралы шешім қабылданды.
Басқа екі үміткер Винцензо Колла, Джианна Фракаци бас хатшының орынбасарлары ретінде сайланды. Барлық үш үміткер осы уақытқа дейін ЖИЕК конфедеративтік хатшылық мүшелері болып табылды. Сондай-ақ, Конгресс жұмысы барысында ЖИЕК кіретін барлық мүше кәсіподақтардың ішінен Ұлттық Ассамблеяның 390 мүшесі, сонымен қатар, 179 мүшеден тұратын атқарушы комитет сайланды.