Халықаралық кәсіподақ қозғалысы қарқынды дамуда және еңбеккерлердің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсартуда маңызды рөлге ие.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы (әрі қарай – ҚРКФ) әлемдік кәсіподақ қозғалысының ажырамас бөлігі болып табылады.
ҚРКФ халықаралық қызметі ҚРКФ халықаралық имиджін арттыруға, озық халықаралық тәжірибені енгізуге, кәсіподақ қозғалысын нығайтуға және дамытуға бағытталған халықаралық имидждік саясат жөніндегі ҚРКФ Тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылады.
ҚРКФ халықаралық ұйымдармен және шетелдік кәсіподақ орталықтарымен тығыз байланыс орнатқан.
2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан сынды бауырлас елдердің кәсіподақ ұйымдарымен өзара серіктестік және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды, Италияндық еңбек одағымен Мақсаттар хаттамасына қол қойылды. Фридрих Эберт қорымен қарым-қатынас орнатылған және Жапондық Халықаралық еңбек қорымен (JILAF) және Жалпыға ортақ Израиль Кәсіподақтар федерациясымен делегаттар жіберіп отыру тұрақты негізде жүргізіледі.
ҚРКФ өкілдері жыл сайын ХЕҰ Халықаралық еңбек конференциясының сессияларында, Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының Жалпыеуропалық аймақтық кеңесінің жұмысына қатысады.
2018 жылы ҚРКФ делегациясы 32 халықаралық іс-шараларға (халықаралық конференциялар, съездер, конгрестер, семинарлар, кәсіподақ мектептері, таныстыру бағдарламалары және т.б.) қатысты, соның ішінде:
– «ТМД елдерінде жастарды жұмыспен қамту саласындағы серіктестік» жобасын іске қосуға бағытталған ХЕҰ субаймақтық конференциясы (13-16 ақпан 2018 жыл, Турин, Италия);
– Әзірбайжан кәсіподақтар конфедерациясының VIII съезі (5-6 ақпан, Баку, Әзірбайжан);
– ХКК ЖЕАК әйелдер комитетінің отырысы (21-22 ақпан, Брюссель, Бельгия);
– РФ бірлестіктердің тәуелсіздігі және кәсіподақтардың құқықтары туралы ХКК, ХЕҰ, РТКФ конференциясы (26-27 наурыз, Мәскеу, Ресей);
– «Адам, еңбек, жаһандық бәсекелестік» МЕМУР-СЕН конференциясы (4-5 мамыр, Стамбұл, Түркия);
– «Тұрақты даму мақсаттарына бағытталған жол, лайықты еңбектің тұрақты дамуын нығайту» Әзірбайжан Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің халықаралық конференциясы (20-21 мамыр, Баку, Әзірбайжан);
– «Жастардың жұмыс орындарындағы өкілеттегін арттыруға жәрдемдесу және ОА кәсіподақ қозғалысына белсенді қатыстыру мақсатында байланыс әдістерін жақсарту және компаниялар жүргізу» тақырыбындағы ХЕҰ семинары (11-12 шілде, Чолпон-Ата, Қырғызстан);
– JILAF таныстыру бағдарламасы (еуразиялық топ 2018) (19 тамыз – 1 қыркүйек, Жапония);
– «Еңбек саласындағы нормалардың құқықтық реттелуі мен сақталуын қамтамасыз ету бәсекеге қабілеттілік пен еңбек өнімділігін арттыру құралы ретінде» ХЕҰ жоғары дәрежедегі үшжақты субаймақтық конференциясы (21-23 тамыз, Мәскеу, Ресей);
– «Тұрақсыз экономикада еңбек инспециясының рөлі: кәсіподақтар үшін сын-тегеуріндер мен басымдықтар» тақырыбындағы ACTRAV/МКП-ЖЕАК субаймақтық конференциясы (26-27 қыркүйек, Тбилиси, Грузия);
– Еңбек мәселелері бойынша АСЕМ 11-ші форумы (16-17 қараша Брюссель. Бельгия) және т.б.
Осындай іс-шараларды өткізу кәсіподақтардың халықаралық серіктестігін нығайтуға, кәсіподақтар ынтымақтастығына, диалогқа, тиімді байланыс әдістерін жақсартуға, шетелдік кәсіподақ ұйымдарының тәжірибелерімен танысуға жәрдемдеседі.
2018 жылы ҚРКФ ресми делегациясы еңбек саласындағы 2 маңызды халықаралық іс-шараға қатысты:
– ХЕҚ Халықаралық Еңбек конференциясының 107 сессиясы, Женева (31 мамыр – 8 маусым аралығында);
– Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының 4 дүниежүзілік конгресі, Копенгаген (2-7 желтоқсан);
ҚРКФ өз алаңында еңбек саласындағы халықаралық ұйымдардың қатысуымен біріккен іс-шаралар өткізеді.
2018 жылғы мамырда ҚРКФ Астана қаласында Ян Фарзан бастаған ХЕҰ делегациясымен құрылымды диалог өткізді, мұнда Қазақстанда ХЕҰ халықаралық-құқықтық стандарттарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
2018 жылғы 6 қарашада ҚРКФ және Фридрих Эберт атындағы қор бірлесіп ұйымдастырған «Еңбек қатынастарындағы медиация» тақырыбында аумақтық кәсіподақ ұйымдарының қатысуымен семинар өтті.
Қазіргі таңда ХЕҰ және БҰҰ аясында қабылданған халықаралық бағдарламалар мен бастамаларды талқылау және түсіндіру жөніндегі мақсатты жұмыстар жүргізілуде.
2019 жыл – Халықаралық Еңбек ұйымының жүз жылдығы. Осыған байланысты, ҚРКФ мүше ұйымдармен бірлесе отырып, әлеуметтік әріптестер мен халықаралық ұйымдардың қатысуымен ХЕҰ жүз жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар өткізуде.
Осы бағыттағы барлық іс-шаралардың негізі жаһандық күн тәртібінде тұрған екі өзекті мәселе болып табылады:
- «Еңбек саласының келешегі» ХЕҰ жаһандық бастамасы.
- БҰҰ тұрақты даму мақсаттары.
2013 жылы қабылданған ХЕҰ «Еңбек саласының келешегі» бастамасы ХЕҰ жүз жылдығының негізі болып табылады. Бастама әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің жұмысшыларға, жұмыс берушілерге және өкіметке ықпал етуіне жәрдемдеседі. 2019 жылғы қаңтарда ХЕҰ жүз жылдығының ашылуымен бірге Еңбек саласының келешегі жөніндегі Жаһандық комиссия баяндамасы жарияланады. Баяндама мазмұны ҚРКФ және әлеуметтік әріптестердің 2019 жылғы талқылаулар мәні болып табылады.
БҰҰ тұрақты даму мақсаттары – 2030 жылға дейінгі аралықтағы күн тәртібі, даму мәселелеріне қатысты БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылы қабылдаған, оның негізінде – лайықты еңбек жатыр. ХЕҰ әлеуметтік әріптестердің өзара ынтымақтастығын осы жоғары Мақсаттарға қол жеткізудің тиімді әдісі ретінде қарастырады. 2019 жылға ҚРКФ мүше ұйымдармен бірлесе отырып, халықаралық ұйымдардың сарапшылары, әлеуметтік әріптестердің қатысуымен ТДМ қол жеткізу мақсатында бірқатар іс-шаралар (дөңгелек үстелдер, мәжілістер, еңбек ұйымдарында кездесулер) жоспарлаған.
Шетелдік кәсіподақтар өкілдерінің қатысуымен Жапондық халықаралық еңбек қорымен бірлесіп өндірістік қарым-қатынастар, еңбек және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі субаймақтық семинарлар ұйымдастыру жоспарлануда.