Қарағанды облысының Балқаш қаласында және Шет ауданында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы таныстырылды және әдістемелік көмек көрсетілді

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жезқазған аумақтық кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 21 қаңтарында Қарағанды облысы Балқаш қаласында және 2018 жылдың 23 қаңтарында Шет ауданы Ақсу-Аюлы селосында кәсіподақ мүшелері арасында семинар-кеңес өткізілді. Семинардың басында бір топ кәсіподақ белсенділері Құрмет грамоталары мен «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» Белгісімен марапатталды.

Семинар-кеңес барысында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жезқазған аумақтық кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің заңгері Дархан Жақыпбек кәсіподақ мүшелеріне «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын таныстырды. Заң жобасы кәсіподақ белсенділерімен талқыланып, сұрақтарға жауаптар берілді.

Семинар-кеңес әрі қарай өз жалғасын тауып, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жезқазған аумақтық кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің жетекші маманы Айдын Ахатов кәсіподақ мүшелеріне, білім беру мекеме басшыларына ұйымдарда Өндірістік Кеңестің және еңбек қорғау жөніндегі инспектор рөлінің қаншалықты маңыздылығын, құрылуын, жұмыс істеу тәртібін жіті түсіндіру бойынша оқу өткізді.

Семинар-кеңес аяқталғаннан соң «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жезқазған аумақтық кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің мамандарымен Балқаш қаласы мен Шет ауданының бірқатар балабақша, мектеп және колледждерін аралап ұйымдарда іс-қағаздар жүргізу, кадрлық құжаттарын, еңбек шарттарының дұрыс жасалуын және ішкі еңбек тәртібі ережелерінің сақталуы, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі бойынша құжаттарға тексеріс жүргізіп, әдістемелік көмек көрсетілді.

Тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою және қалпына келтіру мақсатында ұсыныстар берілді.