Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы

Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығында аумақтық Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Үйлестіру кеңесінің төрағасы М.Төлепберген 1 ақпанда өткен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Бас кеңесінде қаралған мәселелерге кеңінен тоқталды.
Әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып 2018 жылы «Еңбек шартын жасаңыз!», «Еңбекті қорғау саласында профилактика мәдениетін бірге көтереміз!» және «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасы жүзеге асырылғаны белгілі, бұл жұмыстар осы жылы да өз жалғасын тауып, салалық кәсіподақ ұйымдарының назарынан тыс қалмауы тиіс екенін Үйлестіру кеңесінің төрағасы М.Төлепберген әріптестеріне жеткізді.
Биылғы жыл аймақтар жылы болып белгіленуіне байланысты әрбір салалық ұйымдардың белсенді жұмыс істеу қажеттігі де атап көрсетілді. Бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасылды. Әсіресе, ұжымдық шарттың көрініс табуы басты назарда болуы тиіс, делінді.
Сол сияқты жиында Үйлестіру кеңесінің күн тәртібіндегі өзге де мәселелер қаралып, бірлесе атқарылатын жұмыстар пысықталды.