22 ақпан күні ҚРКФ Төрағасының орынбасары Е.Я.Каппель бастаған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының өкілдері өңір журналистері үшін «Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы жұмысының 2018 жылға қорытындысы» тақырыбында брифинг өткізді.
Е.Я.Каппель 2018 жылдың еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау жылы болғанын еске салып, жыл аясында барлық аумақтардағы әлеуметтік серіктестермен бірге «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасы жүзеге асырылып, «Еңбекті қорғау саласындағы сақтандыру мәдениетін бірге арттырамыз» атты республикалық акция өткізілгені және «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясындағы еңбек қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» республикалық конкурсы өткізілгені туралы баяндады. БАҚ өкілдерін өндірістік жарақаттар деңгейін төмендету, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда ұжымдық еңбек дауларын төмендету нәтижелерімен, еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау жөнінде жұмыс жасайтын өндірістік кеңестер мен еңбекті қорғау жөнінде техникалық инспекторлар саны туралы мәліметтермен таныстырды.
Құқық қорғау қызметі туралы және барлық аймақтық кәсіподақ бірлестіктерінің базасында мақсаты қоғамдағы даулылықты, корпоративтік, еңбек және басқа да әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуін төмендету болып табылатын 17 «Татуласу орталығы» құрылғаны туралы, ««Еңбек келісім-шартын жаса!» Республикалық акциясының нәтижелері туралы ақпаратты журналистерге ұсынды.
«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Х.Жақыпов және «YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Қ.Қ.Жаңабеков өз ретінде БАҚ өкілдеріне еңбек адамдарының құқықтарын қорғау және беделін арттыру бойынша өз салаларындағы жұмыскерлердің күш-қуатын біріктіру, нығайту әрекетін күшейту бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып өтті.