2019 жылы 22 ақпан күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облыстық ұйымы атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өтті.
Мәжілісті салалық кәсіподақтың төрағасы Б.Еркінбек жүргізді және мәжіліске «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары С.Әуесханов қатысты.
Күн тәртібінде: Кәсіподақ мүшелері жайлы статистикалық есеп жөнінде, Жастар жылына арналған іс-шаралар жоспары туралы, іс-шара аясында “Үздік жас кәсіподақ көшбашысы – 2019” және “Үздік студенттік кәсіподақ ұйымы – 2019” облыстық байқауларына өткізу туралы, Түркістан облыстық білім басқармасының, “Атамекен” ҰКП Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының және “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы” ҚБ-нің арасындағы 2019-2021 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің жобасы қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары С.Әуесханов 2019 жылдың 15 ақпанында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың “ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ” атты Қазақстан халқына Жолдауында қойған міндеттерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы мен Түркістан облысының әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын хабарлап, Түркістан облысының және Шымкент қаласының аумақтарында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылын» өткізу жөніндегі бекітілге Жол картасымен таныстырды және оны жүзеге асыруға шақырды.