Кәсіби медиаторларды даярлау бойынша семинар-тренинг

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының арасында 2018 жылғы 18 наурызда жасалған Меморандумды, ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының 18.02.2019 жылғы хаттамалық тапсырмасын орындау үшін, сондай-ақ еліміздің халқы арасында медиациялық қызметтерді көрсету үшін кәсіподақ ұйымдары өкілдері арасынан «Татуласу орталығы» кәсіби медиаторлар пулын қалыптастыру мақсатында кәсіби медиаторларды даярлау бойынша конкурстар ұйымдастырылатын болады.
Сабақтар «Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 шілдедегі № 770 қаулысымен бекітілген «Жалпы медиация курсы» бағдарламасы бойынша медиатор-кәсіби жаттықтырушылармен жүргізілетін болады.
Оқыту курсы 5 күнді (50 академиялық сағатты) құрайды. Топтың жиналуына байланысты жұмыстан тыс уақытта және демалыс күндері оқыту мүмкіндігі қарастырылуда.
Топқа 10 астам адам жиналған жағдайда өңірге медиатор-дәріс берушінің баруымен курстар ұйымдастырылуы және өткізілуі мүмкін.

Курс аяқталғаннан кейін:
1. Кәсіби медиатор түрінде практикалық қызметті жүргізуге құқық беретін сертификат беріледі;
2. Кәсіби медиатордың куәлігі;
3. Орталықтың медиаторлар тізіліміне енгізіледі;
4. Орталықтың клиенттік базасын пайдалану мүмкіндігін алады;
5. Орталықтың сайты арқылы өз қызметтерін алға бастыру мүмкіндігі;
6. Сертификат алғаннан кейін бір жыл бойы тәлімгерлік.
«Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-VI Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес медиаторларға қойылатын талаптар:
4. Кәсіби негізде медиатордың қызметін мыналар жүзеге асыра алады:
1) жоғары білімі бар, он бес жасқа толған, Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған тәртіппен бекітілетін және кәсіби медиаторлар тізілімінде тұрған медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өткенін растайтын құжаты (сертификаты) бар тұлғалар;

Осы курстан өту үшін қажетті құжаттар:

1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;
2. Жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі (салыстырып тексеру үшін дипломның түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі);
3. Бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, медиаторларды Ұйымға ұсынғанға дейін бір айдан кем емес адамның тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтама.
4. Медиаторлар оларды Ұйымға ұсынғанға дейін бір айдан ерте емес адамның тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынған медициналық анықтамалар
Оқудың құны: 110 мың теңге (оқытудан басқа құнына түскі ас пен 2 кофе-брейк кіреді).
Оқытуға кандидатураны айқындауды және өтінімді Оқу орталығына жіберуді сұраймыз.
Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы Оқу орталығынан хабарласып ала аласыздар: 87172-21-61-63, +77773437433 (ватсап).

Семинарды өткізу орны:
Астана қ., Абай даңғ., 38-үй
1-қабат, ҚРКФ мәжіліс залы
телефон: 87172-201090, 216163

Email: oku@fprk.kz