ХАЛЫҚТЫҢ МҮДДЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Кәсіподақтар федерациясы еліміздің кәсіподақтары мен жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік бастамаларын қолдау мақсатында үндеу жолдады.

 

ҚР Кәсіподақтар федерациясында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде атап өткен бастамаларын талқылауға арналған ҚР Кәсіподақтар федерациясы Атқару комитетінің кезектен тыс кеңейтілген отырысы өтті.

ҚРКФ Төрағасы Бақытжан Әбдірайымның төрағалығымен өткен отырыс жұмысына ҚРКФ, салалық кәсіподақтар бірлестіктері мен ірі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты.

ҚРКФ Төрағасы өз алғысөзінде қазақстандықтардың нақты қажеттіліктеріне, соның ішінде бюджет саласының табысы төмен қызметкерлерінің қазіргі еңбекақысы мөлшерін қайта қарастыру және ұлғайтуға бағытталған Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асырудағы  кәсіподақтардың ерекше рөлін атап өтті.

  Бақытжан Әбдірайым бүгінде Федерация құрамында миллионнан аса бюджет саласының қызметкерлері бар екенін және кәсіподақ ұйымдары еңбекақыны арттыру қажеттігі туралы мәселені жүйелі түрде көтеріп келе жатқандығын атап өтті.

Бұл ретте кәсіподақ қозғалысының мүшелері Елбасының көп балалы жұмысшы аналар мен жалғыз басты аналарды әлеуметтік қолдау бастамасын ерекше ілтипатпен қабылдады, өйткені, бұл бастамалар ҚРКФ қызметінің басым бағыттарымен тікелей үндесіп жатыр.

Қазіргі таңда Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен бастауыш кәсіподақ ұйымдарында көп балалы жұмысшы аналарға көмек көрсетілуде. Жұмыс берушінің жоғары әлеуметтік жауапкершілігі мен кәсіподақтардың өз міндеттерін табысты атқаруының айқын дәлелі ретінде Қызылорда облысы «Жаңақорған» шипажайының тәжірибесін атап өтуге болды. Аталмыш шипажайда ағымдағы жылғы ақпанда көп балалы және жалғыз басты аналарға жыл сайын ең төменгі жалақынының екі еселенген мөлшерін төлеу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, шипажайда жұмыс істейтін әйелдер әрбір туған сәбиі үшін ең төменгі жалақы көлемінде бір жолғы көмек алатын болады.

Осындай жеңілдіктер бұл еңбек ұжымының ширегін қамтиды (240 қызметкерден 59 адам). Және осындай мысалдар кәсіподақтар тәжірибесінде аз емес.

Елбасының әлеуметтік бастамалары Федерацияның жастарды қолдау, сондай-ақ, ауылдарда әлеуметтік саланы дамыту және жастарды ауылдық елді-мекендерге тарту мақсатында іске асырып жатқан нақты шараларымен сәйкеседі.

Осылайша, жарияланған Жастар жылы аясында «Сенім» салалық кәсіподағы ауылда жұмыс істеуге ниетті денсаулық сақтау саласының жас мамандарына жыл сайын 500 мың теңге көлемінде 60 грант бөлу туралы шешім қабылдады.

Кеңейтілген отырыс барысында ҚРКФ еңбеккерлерге әлеуметтік көмек көрсету шараларын әрі қарай да арттыру мақсатында еліміздің кәсіподақтары мен жұмыс берушілерге Президент бастамаларын қолдау туралы үндеу жолдады.

 «Еңбек адамының құқығы мен мүддесін қорғау саласындағы ең ірі қоғамдық ұйым ретінде Кәсіподақтар федерациясы азаматтық қоғамның барлық жасампаз күштерін, барлық әлеуметтік әріптестерді адам капиталын жан-жақты және сапалы дамыту, еңбеккерлердің өмір сүру сапасын арттыру, экономикалық және әлеуметтік қорғау жолында бірлесе, күш-жігер жұмылдыруға шақырады.

Біз әлеуметтік әріптестерге, жұмыс берушілерге, кәсіподақ ұйымдарына ұжымдық шартқа жұмысшы әйелдерді, соның ішінде көп балалы және жалғыз басты аналар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналарды қолдау жөнінде толықтырулар енгізу арқылы қоғам, еңбек ұжымы алдында әлеуметтік жауапкершілік ала отырып, Президенттің әлеуметтік бастамаларын қолдау жөнінде үндеу тастаймыз. Бұл, өз кезегінде, қоғамның әл-ауқатының және еліміздегі тұрақтылықтың негізі болады», – деп көрсетілген ҚРКФ үндеуінде.

Отырысқа қатысушылар орын алып жатқан өзгерістер еңбеккерлердің жан-жақты қолдауына ие болатынына және қойылған мақсаттар сәтті жүзеге асырылатынына зор сенім білдірді.

 

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының

әлеуметтік әріптестерге және кәсіподақ ұйымдарына

ҮНДЕУІ

Кәсіподақтар федерациясы және оған мүше ұйымдар Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде халыққа лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге қатысты атап өткен әлеуметтік бастамаларына қолдау көрсететіндігі туралы мәлімдейді.

Мемлекет басшысының бүгінгі заман талабына сай өткізіп жатқан әлеуметтік реформаларының ауқымды сипаты – қоғам үшін аса маңызды. Елімізде жасалып жатқан реформалар – әр нақты адамға, оның күнделікті қажеттіліктеріне көңіл бөлу мен қолдау көрсетудің айқын дәлелі.

Кәсіподақтар үшін жаңа саяси вектордың әлеуметтік бөлігі аса маңызды және алдағы уақытта да өзекті болып қала бермек, себебі, көрсетілген басымдықтар – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тағы бір игі қадам.

Халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға арналған шараларды нақты жүзеге асыру және ондағы мақсаттарға қол жеткізу барлық деңгейдегі кәсіподақтар үшін басымдыққа ие.

ҚР Президенті отандастарымыздың қазіргі мұқтаждықтарына, яғни көп балалы, аз қамтылған отбасылар мен жалғыз басты ата-аналарға ұсынылатын әлеуметтік стандарттар көлемін қайта қарастыруға және ұлғайтуға, бюджет саласындағы табысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын арттыруға қатысты бағыт-бағдар ұсынды.

Еңбек адамының құқығы мен мүддесін қорғау саласындағы ең ірі қоғамдық ұйым ретінде Кәсіподақтар федерациясы азаматтық қоғамның барлық жасампаз күштерін, барлық әлеуметтік әріптестерді адам капиталын жан-жақты және сапалы дамыту, еңбеккерлердің өмір сүру сапасын арттыру, экономикалық және

әлеуметтік қорғау жолында бірлесе, күш-жігер жұмылдыруға шақырады.

Біз әлеуметтік әріптестерге, жұмыс берушілерге, кәсіподақ ұйымдарына ұжымдық шартқа жұмысшы әйелдерді, соның ішінде көп балалы және жалғыз басты аналар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналарды қолдау жөнінде толықтырулар енгізу арқылы қоғам, еңбек ұжымы алдында әлеуметтік жауапкершілік ала отырып, Президенттің әлеуметтік бастамаларын қолдау жөнінде үндеу жолдап отырмыз. Бұл, өз кезегінде, қоғамның әл-ауқатының және еліміздегі тұрақтылықтың негізі болады.

Әлеуметтік мәселелерді шешудегі өзара түсіністік пен серіктестік Елбасының алдымызға қойған әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруға жәрдемдеседі. Осындай келелі кезеңде азаматтық қоғамның, әлеуметтік әріптестік тараптарының, әрқайсымыздың күш-жігерімізді біріктіру өте маңызды.

2019 жылғы 1 наурыздағы

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының

Атқару комитетінің кеңейтілген отырысында қабылданды

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі