Шымкентте «Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау» туралы республикалық оқыту-семинары өтті

2019 жылғы 1 наурыз күні «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының оқу орталығымен бірлесе кәсіпорындағы жазатайым оқиғаларды төмендету мақсатында «Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау» тақырыбында семинар ұйымдастырылып, өткізілді.

Семинарды «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Бекжанов ашып, семинардың қажеттілігі және оның мақсаты жөнінде тоқталып өтті.

Семинарда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының сектор меңгерушісі Д.Сакенов еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік кеңестің жұмысы, жеке және ұжымдық еңбек дауларды қарау, келісу және татуласу комиссиялары туралы тақырыптарда оқулар өткізді.

Қатысушылар мен жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігіне тиісті қаражат бөлмеу және 300-ден аса жұмыскерлері бар мекемелерде техникалық инспектор штатының болмауы, 1000-нан аса жұмыскерлері бар мекемлерде еңбек қауіпсіздігі жөнінде қызмет құрудың орына бір ғана маман жұмыс істейтіндігі және жыл сайынға өтетін еңбекке жарамдылығы туралы медициналық анықтамалардың бұрмалануы жөнінде мәселелер көтерілді.

Сондай-ақ, мекемелердегі еңбек қауіпсіздігіне жұмсалған қаражаттарды салықтық шегерімдерге жатқызуды немесе басқа салықтық жеңілдіктер беру қажеттіліктеріе ұсынды. Бұл ұсыныс, өз кезегінде жұмыс берушілерді еңбек қауіпсіздігіне жұмсалатын қаражаттар көлемін өсіруге септігін тигізетіндігін айтып өтті.

Семинарға Түркістан облысынан және Шымкент қаласынан жалпы 38 тыңдаушы, атап айтқанда, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ Шымкент филиалы, Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымынан, Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Шымкент қалалық ұйымынан, Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағынан, Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіпкодағының Түркістан облыстық филиалынан, Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағынан, Кәсіпкерлік қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағынан, Энергетика қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағынан, Қазпошта қызметкерлерінің кәсіподағынан және Автомобиль көлігі және жол кәсіпорындарының жергілікті кәсіподағынан техникалық инспекторлар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.