Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының Үйлестіру кеңесінің жоспарлы отырысы өтті

04 наурыз күні Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының төрағасы А.С.Таспиховтың төрағалығымен Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының Үйлестіру кеңесінің жоспарлы отырысы өтті.
Отырыс жұмысына әлеуметтік әріптестер Батыс Қазақстан облысы еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшылығы, ҚР ҰКП «Атамекен» Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының өкілдері және Үйлестіру кеңесінің мүшелері болып табылатын облыстық салалық және жергілікті кәсіподақтар бірлестіктерінің төрағалары қатысты.
Кеңес отырысының күн тәртібінде: Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығы Үйлестіру кеңесінің жаңа құрамын бекіту;    облысымыздағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйі және осы салада атқарылған жұмыстар; Батыс Қазақстан облысы бойынша еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбекті қорғау мақсатында қабылданған «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру; 2019 жылы «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» Жол картасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарын бекіту; «Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен салалық және жергілікті кәсіподақтардың 2019 жылға медиажоспары; «Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанындағы «Келешек» жастар ісі жөнінде кеңесінің 2019 жылға жұмыс жоспары туралы мәселелер талқыланды.
Кеңес отырысының қорытындысында Үйлестіру кеңесінің жаңа құрамына өзгерістер бекітілді, облысымыздағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйі және осы салада атқарылған жұмыстар туралы әлеуметтік серіктестің баяндамасы назарға алынды, әлеуметтік әріптестер Батыс Қазақстан облысы бойынша еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбекті қорғау мақсатында қабылданған «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарын және Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен салалық және жергілікті кәсіподақтардың 2019 жылға медиажоспары, сонымен қатар «Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанындағы «Келешек» жастар ісі жөнінде кеңесінің 2019 жылға жұмыс жоспары бекітілді.