8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мейрамымен құттықтау

Құрметті ару аналар, қадірменді қыз-келіншектер!

Сіздерді ару көктемнің айшықты мерекесі – 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Әйел – ана, әйел – өмір бастауы, әйел – бірлік пен тірліктің, ізгілік пен мейірімділіктің  ұйытқысы, отбасының шуағы.

Еліміздің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесінде аналардың алар орны айрықша. Өйткені, қыздарымыздың қылықты, ұлдарымыздың ұлықты болып өсуі әйел-аналарымыздың тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты.

Қазіргі таңда әйелдер қоғам өмірінің барлық саласында белсенді де беделді еңбек етуде. Кәсіподақ ұйымдарындағы арулар қауымы да егемен еліміздің одан әрі өркендеуі мен гүлденуі жолында аянбай еңбек етіп келеді. Біз мұны әрдайым мақтаныш етеміз.

Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға ырысты береке, ел игілігі, халық мүддесі жолындағы еңбектеріңізге толайым табыстар тілеймін!

 

Қазақстан Кәсіподақтары

         федерациясының Төрағасы                              Б. Әбдірайым