ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ – БІЗДІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ!

Астана қаласы “Байқоңыр” ауданы әкімдігі мен Астана қаласы кәсіподақтар орталығы арасында, Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың “Бес әлеуметтік бастамасың” қолдау және жүзеге асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Екі жақтық меморандумның мақсаты: «Бес әлеуметтік бастаманың» жүзеге асыру жолдары туралы ақпаратық-түсіндіру жұмыстарын халыққа жеткізу; жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау; әлеуметтік шиеленістер мен еңбек дауларын алдын алуға бағытталған шаралар жүргізу және т.б.

Сөз кезегінде, аудан әкімі Ерлан Қаналимов әлеуметтік әріптестікті дамыту барысында, аудан мекемелері мен кәсіпорындарында әлеуметтік-еңбек және олармен байланысты экономикалық қатынастарды жақсартуға өз тарапынан қолдады.

Астана қаласы кәсіподақтар орталығының төрағасы Тастанбек Есентаев меморандумға қол қояр алдында біраз мәлімдемелерге тоқтала кетті. Сонын ішінде, “Байқоңыр” ауданы аймағында құрылыс саласындағы кәсіподақ ұйымдары жақын арада қоғамдық монша салуға келісті және әр аулада спорттық (футбол, шайбалы хоккей) алаңдарын (корттарын) салу жұмыстарын жоспарлауда.

Тараптар Меморандумды жүзеге асыруға бағытталған жұмыс жоспарын талқылап мәмлеге келді.