Жастар жылына орай, ағымдағы жылдың 12-15 наурыз аралығында мұнайлы шахар Атырауда, “Сала кәсіподағын жаңғыртудағы жастардың прогресивті рөлі” атты салалық кәсіподақтың белсенді жастарына арналған республикалық семинар-тренинг өтті. Аталған іс-шараға, Батыс Қазақстан өңірі: Атырау, Орал, Ақтөбе, Ақтау қалаларынан 30- ға жуық 35 жасқа дейінгі жастар және жастар ұйымдарымен тығыз жұмыс жасау мақсатында, Атырау қаласы әкімдігің жастар ресурстық орталығынан 2 маман қатысты. Іс-шара “Құрылыс комплексі және ТКШСК” төрағасы Қ.Есенғазин және Атырау облысы филиалының төрағасы Е. Утеулиевтің алғы сөзінен басталды. Қатысушылар бастағалы отырған семинар-тренингтің ашылу салтанатын ақ көгершіндер ұшырудан бастады. Бұл дәстүр- көптеген елдерде жақсылықтың бастауы ретінде белгілі.
Сонымен қатар, жастар саясаты бойынша маман Ақнұр Бекназар алдағы жоспарлар мен өткізілген іс-шаралар бойынша баяндама жасады. Семинар-тренингті тренер, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі, WLP тренерлердің жаһандық Дүниежүзілік желісінің мүшесі, Адам ресурстары жөніндегі сарапшы, “Қазақстанның үздік жаттықтырушы-мотиваторы, 2018 ж.”- Наби Гулзи Аскенқызы жүргізді. Қатысушылар семинар-тренинг барысында, әлеуметтік жоба қорғау жайында және жобаны жүйеге асыру жолдары жайлы сабақ алды. Іс-шараның нәтижесінде әрбірі өз жұмыс орнында, қазан айына дейін жобаларын жүзеге асыратын болады.
Сонымен қатар, қатысушылар қала бойынша экскурсияда болып, “Сарайшық” музейін тамашалап қайтты. Ұйымдастыру жұмыстар және салаға сіңірген еңбегі үшін атқарушы комитеттің шешімімен салалық кәсіподақ төрағасы Қ. Есенғазин, филиал төрағасы Е. Утеулиевті алғыс xатпен және есепші Айгул Тургаеваны «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Ал өз кезегінде әр қатысушыларға сертификат және естелік сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, семинар-тренинг Орталық Қазақстан өңірлері үшін-Қарағанды қаласында және Оңтүстік өңірі үшін-Шымкент қаласында өткізіледі деп жоспарлануда. Нәтижесінде барлық жобалар арнайы комиссиядан өтіп, үздік жобалар, желтоқсан айының 4-ші жұлдызында “Jan’a esim” атты республикалық салалық кәсіподақ жастарының жиынында марапатталатын болады.