Поздравление с великим праздником весеннего обновления, мира и добра — Наурыз!

Ардақты ағайын,

құрметті әріптестер!

Жанымызға жаймашуақ сәулесін төгіп, көңілімізге үкілі үміт ұялатып Наурыз келді.

Осынау Ұлыстың ұлы мейрамы халқымызды береке мен бірлікке, ырыс пен ынтымаққа, дәулет пен даму жолына бастасын деп тілейік.

Әз-Наурыз — ізгілік пен мейірімділіктің, татулық пен тыныштықтың, бейбіт өмір мен ерен еңбектің нышаны.

Қазақстанның кәсіподақ ұйымдары еңбекшілердің тұрмыс жағдайын жақсартуға, еңбек қатынастарын реттеуге, елімізде әлеуметтік әл-ауқаттың артуына ауқымды үлесін қосып келеді.

«Еңбек еткен – мұратқа жеткен» деген ғой дана халқымыз. Сіздердің ел мүддесі жолындағы еңбектеріңіз өрлеп, табыстан-табысқа жете беріңіздер.

Жаңару мен жасампаздықтың бастауы, құт-береке арқауы – Наурыз мерекесі әр шаңыраққа молшылық әкелсін!

Егемен еліміз өркендеп, алға баса берсін!

Ұлыс оң, ақ мол болсын!

 

Қазақстан Республикасы

Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы

Б. Әбдірайым