Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің Еңбек инспекциясы басқармасы ұжымының жалпы жиналысы болып, онда бастауыш кәсіподақ ұйымын құру туралы бірауыздан шешім қабылданды.
Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» Заңына сәйкес жаңа құрылған бастауыш ұйым «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Жамбыл облыстық филиалының құрамына кіретін болады.Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің Еңбек инспекциясы басқармасы ұжымының жалпы жиналысы болып, онда бастауыш кәсіподақ ұйымын құру туралы бірауыздан шешім қабылданды. Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» Заңына сәйкес жаңа құрылған бастауыш ұйым «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Жамбыл облыстық филиалының құрамына кіретін болады.
Еңбек заңнамасының сақталуына бақылау жасайтын құзырлы бұл органда бастауыш кәсіподақ ұйымы алғаш құрылып, әлеуметтік әріптестік қатынастарын одан әрі дамытуды және кәсіподақ қозғалысына белсене араласуды мақсат етіп отыр. Жиында аталмыш мекеменің басшысы Б.Нарбаев, маманы М.Туғанбаев, Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М.Төлепберген сөз сөйлеп, кәсіподақ ұйымының алдында тұрған мақсаттары мен міндеттері туралы өз ойларын ортаға салды.
Бұл бастауыш ұйымның жаңадан құрылуы кәсіподаққа деген сенімнің арта түскенін көрсетеді.