Демократиялық күштердің Жамбыл облыстық коалициясының отырысы өткізілді

28 наурызда Таразда Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» Жамбыл облыстық коалициясының отырысы болып, елорданы Нұр-Сұлтан болып аталуына қолдау білдірілді.

Жиынға барлық саяси партиялардың және үкіметтік емес ұйымдардың жетекші өкілдері қатысты. Жиында Жамбыл облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М. Төлепберген де сөз сөйлеп, кәсіподақ ұйымдары елорданың Нұр-Сұлтан болып аталуын толық қолдау білдіріп отырғанын айтты.