Бастауыш кәсіподақ ұйымын құру мәселесі талқыланды

1 сәуір күні Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығының төрағасы А.Таспихов «Жайық мұнай» ЖШС бас директоры Ж.Даркеевпен кездесу өткізді. Аталған компания бірнеше кен орындарда мұнай мен газды өндіру, Каспий маңы бассейнінде мұнай газ кен орындарын барлау және өңдеумен айналысады. Компания ұсынатын өнімдер ассортименті қатарына өңделмеген мұнай, орныққан сұйылтылған конденсат, сұйылтылған көмірсутекті және құрғақ газ кіреді.

Кездесудің басты мақсаты 830-ға жуық жұмысшысы бар мұнай мен газ саласындағы компанияда жұмысшылардың әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауды жолға қою, кәсіподақ ұйымын құру болып табылады.

Кездесу барысында Кәсіподақтар орталығының төрағасы А.Таспихов кәсіподақтардың қоғамдағы рөлі, ұжымда кәсіподақ ұйымын құрудың артықшылықтарына тоқталып өтті. Өз кезегінде сөз алған «Жайық мұнай» ЖШС бас директоры Ж.Даркеев компания қызметі мен ұжым туралы айтып, көкейтесті мәселелерді қозғады.

Кездесу қорытындысында екі тарап компанияда кәсіподақ ұйымын құру туралы мәселелерді талқылап, алдағы уақытта осы бағытта жұмыстануға келісті.