1 сәуірде Жуалы ауданында әлеуметтік әріптестік жөніндегі аудандық үшжақты комиссиясының отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Комиссия отырысында аудандық үшжақты комиссия төрағасы Е.Жаңабаев баяндама жасап, атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Ал, Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М. Төлепберген қазіргі кәсіподақ ұйымдарының алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер туралы әңгімелеп, әсіресе, ұжымдық шарт жасау жұмыстарын жандандыру қажеттілігіне баса назар аударып, мекеме мен ұйымдардың қолданыстағы және жаңадан жасалатын ұжымдық шарттарына көпбалалы аналарға қосымша әлеуметтік жеңілдіктер енгізу қажет деді. Бұл арада осы мәселеге орай ауданның жаңа тағайындалған әкімі Н.Ергебеков және тиісті мекеме басшылары қолдау көрсетуге әзір екендерін жеткізді.
Сондай-ақ аграрлық сала өркендеген ауданда фермерлердің біріккен кәсіподақ ұйымын құру туралы ұсынысқа да жиынға қатысушылар қолдау көрсетті.
Жиында Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің Жуалы ауданы бойынша өкілін бекіту келісілді.