29 наурызда Қызылордада «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ ұйымдастырған аймақтық жастар форумы өз жұмысын аяқтады.
27 наурызда «Мәртебелі медицина» тақырыптық хореографиялық композициясымен «Мәңгілік ел-салауатты ұрпақ» аймақтық жастар форумының салтанатты ашылуы өтті.
Форумға Республикалық маңызы бар Алматы және Шымкент қалаларынан, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 150 делегат қатысты.
Форумның дискуциялық алаңдарында еңбек қатынастарының өзекті мәселелері, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сонымен қатар, денсаулық сақтауды дамытудағы жастардың рөлі, әлеуметтік бағдарымен қазіргі медицинаның ерекшеліктері, халыққа әлеуметтік-патронаждық көмек көрсету, денсаулық сақтау саласында заманауи технологияларды енгізу арқылы диагностикалау мен емдеудің тиімді тәсілдері, цифрлық және инновациялық технологияларды енгізу, медицинада Ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру мәселелері талқыланды. Жас кадрларының өңіраралық және шет елдік тәжірибе алмасуы тетіктері жөнінде сөз қозғалды.
«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ бекіткен қайырымдылық акциясы өз шеруін аймақтар бойынша жалғастырды.
Форумның салтанатты рәсімінде кәсіподақ төрағасы С. Дүйсенов бес өңірдің 19 жас маманына атаулы әлеуметтік қайырымдылық көмек көрсетіп, номиналдық құны 500 000 теңге болатын сертификаттар табыс етті.
Сонымен қатар, Қызылордада «SENIM» кәсіподағының орталық көшпелі кеңесінде тағы бір маңызды шешім қабылданды: кәсіподақ қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алу кезінде бастапқы жарнаны төлеу үшін тұрғын үй сертификаты бекітілді.
Форумға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Р. Рүстемов және Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Ш. Әлназарова қатысып, форум қатысушыларына құттықтау сөз сөйледі, және де «SENIM» кәсіподағына жас дәрігерлерге әлеуметтік қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Ең үздіктері қала және облыс әкімдерінің алғыс хаттарымен, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Е. Т. Каппель ҚР Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамоталарымен марапатталды және «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ грамоталары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ аймақтық жастар форумын өткізу эстафетасын Қостанай облысы қабылдады. Ағымдағы жылдың 17-18 сәуір аралығында Қостанай қаласында
«SENIM» кәсіподағының Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстық филиалдары өкілдерінің қатысуымен өңірлік жастар форумы өтеді.