Ұжымдағы әлеуметтік ахуалды тұрақтандыру маңызды

3 сәуір күні БҚО Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары, «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Б.Атауов Сырым, Қаратөбе аудандарында іс-сапармен болып аудандағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысымен танысты.
Аудан әкімдіктерінде кездесулер өтіп, әр салада қызмет атқарып жүрген еңбекші қауымның еңбек құқықтарының қорғалуы, еңбек қауіпсіздігінің сақталуының дұрыс ұйымдастырылуы бойынша жұмыстарды бірлесіп атқару туралы келісімге қол жеткізілді.

Сонымен қатар, аудандар аумағындағы ірі бизнес өкілдері бүгінгі күні өз қызметкерлеріне қолдау көрсету, ұжымдағы әлеуметтік ахуалды тұрақтандыру үшін кәсіподақ құрып, ұжымдық шарттар жасасу сияқты бірлескен жұмыстарды атқаруға уағдаласты.