Аналарға тағзым!

«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» ҚБ Түркістан облыстық филиалы  мен Шымкент қалалық филиалы «Аналарға тағзым» атты дөңгелек  үстел  ұйымдастырды.

Аталған жиынға салалық кәсіподақ ұйымындағы кәсіподақ қозғалысына белсенді қатысып, еліміздің дамуына, гүлденуіне үлес қосып  жүрген, «Алтын алқа», «Күміс алқа» таққан аналар және көп балалы  бастауыш кәсіподақ комиттерінің төрайымдары барлығы 41 әйел-азаматтар қатысты.

Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының төрағасының орынбасары Әуесханов Серік Елемесұлы  құттықтау сөз сөйлеп, марапаттар мен сый-сыяпаттар тапсырды.

Жиынның  негізгі  мақсаты — Елбасының  Қазақстан  халқына  арнаған  жыл  сайынғы  Жолдауларында,  жиындарда  әлеуметтік  салаға, ана  мен  балаға  үнемі  көңіл  бөліп  келеді.  Ана-өмірдің шуағы, өмірдің мәні. Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Көп балалы отбасыларды қолдау»  тапсырмасын  орындалуы. Елбасы бағдарламаларына қолдау көрсету, ой бөлісу, насихаттау. Қоғамдық  жұмысқа  белсене  араласып  жүрген  аналарды  құрметтеу,  марапаттау болды.

«Салалық кәсіподақтың  қызметінің  негізгі  мақсаты – еңбек ұжымдарындағы  еңбек  қатынастары, еңбек жағдайы және оның төлемақысы, денсаулықты қорғау және әлеуметтік кепілдіктерді сақтау мәселесі бойынша кәсіподақ  мүшелерінің  әлеуметтік-экономикалық  мақсат-мүдделері мен заңды құқықтарын қолдау және  қорғау  болып табылады.

Ең бірінші, Елбасы  саясатына  қолдау  көрсетіп келеміз.

Біздің  Салалық  кәсіподақ  комитетінде  01.01.2019 жылға 12310  кәсіподақ  мүшесі бар. Оның  ішінде 38  пайызы-  4607 әйел  азаматтары құрайды. 3985 яғни, 32 пайызы  жастар. Еңбеккер  әйел, әйел-аналар  елдің  экономикалық  және  әлеуметтік  дамуына  баға  жетпес  үлестерін  қосуда.

Біз  кәсіподақтар көп балалы аналарға қай саланың қызметінде жүрседе жеңілдіктер қарастыруға тиістіміз.

Мекеменің ұжымдық шарты бойынша  әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін  құнды  құжатқа  аса назар аудару қажет. Еңбек  ететін әйелдерге,  ұжымдық  шарт  арқылы  қосымша  жеңілдіктер  қарастыруға   ұмтылуымыз  қажет.

Сіздердің  бүгінгі  дөңгелек  үстелге  келгендеріңізе,  ойларыңызды  ортаға  салып бөліскендеріңізе  көп –көп  рахмет!  Сіздерге мың  тағзым.                      Сіздерге  зор  денсаулық,  ұзақ  ғұмыр,  отбасына  амандық  тілейміз», — деді кәсіподақ  төрайымы  К.Есебаева.

Жиын  соңында  Ардақты  аналарға  арналған дастархан жазылды.