Қызылордада еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселесі көтерілген сала бойынша бірнеше күндік семинар-кеңестер 9 сәуірде аяқталды.
Жиындардың соңғы мәресінде өндірістік мұнай саласы мен жол саласындағы қызметкерлердің еңбек жағдайы, еңбек қауіпсіздігі туралы мәселелермен қатар, осы саладағы қазіргі ахуал талқыланды. Салалар бойынша соңғы кездерде орын алған жазатайым жағдайлар талданды, өзекті мәселелер айтылды.
Аталған мәселелер бойынша шешімін табу қажетті мәселелер және оны шешу шаралары шеңберінде нақты ұсыныстар салалардан Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған қорытынды жиынға дейін жасақталады.