Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту маңыздылығы талқыланды

10 ақпан 2019 жылы Ақтау қаласында кәсіподақ мүшелерінің ұсынысымен, алғаш рет «Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту» тақырыбында кеңейтілген семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңесте ҚРКФ Төрағасының орынбасары С.Т. Даулеталин, «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ адам ресурстарын басқару» жөніндегі басқарушы директоры Д.К. Хасанов, «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ әлеуметтік-саяси департаментінің басшысы Е.М. Рахимбергенов, Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіподағының төрағасы С.Е. Қалиев пен Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары Е.Е. Мустафина, облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы К. Жаулин ҚРКФ-ның әлеуметтік-экономикалық қорғау және әлеуметтік әріптестік комитетінің төраға орынбасары Қ.Қ. Жанабеков, және облыстың мұнай-газ саласындағы мекеме басшыларымен жергілікті және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен өкілдері қатынасты. Семинар Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіподақтарының қолдауымен, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы мен Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығымен ұйымдастырылды.

Осы семинар-кеңестің арқасында бірегей диалог алаңы құрылды. Диалог алаңы жұмыс берушілермен жұмыскерлер арасында байланыс орнату, сенім мен қауіпсіздікті нығайтуда әрі қарай сапалы ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік алды.

​Күн тәртібінде әлеуметтік еңбек қатынастары саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, әлеуметтік-еңбек қатынастарын және осыларға байланысты қатынастарды реттеудің тиімді механизмін қалыптастыру, барлық тараптардың объективті мүдделері негізінде салалардағы әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету, жұмыскерлердің еңбек саласындағы құқықтарын қамтамасыз ету, оларды әлеуметтік қорғау, жұмыскерлердің біліктілігін арттыру, тараптар арасындағы ымыраластыққа қол жеткізу сиякты мәселелерді шешу жолдары айтылды. Жиналыс барысында жергілікті кәсіподақ төрағалары мен мекеме басшылары семинарға қатысты сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ұсынып, жауаптарын алды.

​Күннің екінші жартысында дәріс беруші М.Хасановтың жетекшілігімен «Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау тетігі, заңнамалық реттеу және қолдану практикасы» тақырыбындағы семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингте ҚР еңбек заңнамасының негіздері, келіссөздер жүргізуді дамыту және еңбек дауларында консенсусқа қол жеткізудің тиімді жолдары айтылып, жаңа ҚР Еңбек Кодексінің жеке жағдайларын талқылаумен аяқталды, дәріс беруші семинарға қатысушылардың қызықтырған барлық сұрақтарына жауап беріп, семинар қатысушыларға сертификаттар табысталумен аяқталды.