Қызылордада Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағының Атқару комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа өңірлерден сала бойынша кәсіподақ төрағалары, Қызылорда аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Серік Сермағамбетов және аймақтағы салалық кәсіподақ ұйымының бастауыш кәсіподақ ұйымдары өкілдері қатысты. Отырыста сала бойынша ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес жұмысының қоғамдық бақылауын жетілдіру мәселесі қаралды.
Сонымен қатар, атқару комитеті мүшелік кәсіподақ ұйымдарындағы есепті-сайлау науқаны жүргізілуі бойынша сұрақтарды талқылады.