Бүгін Жамбыл облысында «Nur Otan» партиясының Байзақ аудандық филиалының кезектен тыс конференциясы болып өтті.
Конференцияда «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш. Байтақова күн тәртібіне сәйкес баяндама жасады. Ал, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі, Жамбыл облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М. Төлепберген партияның «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл-ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларының іске асыру барысы туралы және «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы мен Жамбыл облыстық кәсіподақтар бірлестігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы қабылданған Меморандум аясында бірлесіп атқарып келе жатқан іс-шаралардың әлеуметтік – саяси мазмұндық сипатын баяндап берді.
Жиын қорытындысында «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс XXV конференциясына делегаттар сайланды.