Қарағанды облысының “Kásіpodaqtar úıі” – нде Қарағанды облысының Кәсіподақ Орталығы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Оқыту орталығымен бірлесе отырып “Келісу комиссияларының жеке еңбек дауларын қарастыруы” тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Болат Жұмабеков-төраға, Абай Сабденов-Қарағанды облысының Кәсіподақ Орталығының төрағасының орынбасары, оқытушы Вера Бородина – «YNTYMAQ» Қазақстандық орта және шағын бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облысы кооперация және кәсіпкерлік қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрайымы өз сөздерінде еңбек ұжымдарындағы даулы жағдайларды тұрақтандырудағы кәсіптік одақтардың рөлі артып келе жатқанын атап өтті. Кәсіподақ ұйымдарының еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруы, жеке және ұжымдық еңбек дауларының пайда болу себептері туралы тақырыптарды талқылады, келісу және татуластыру комиссияларының жұмысына назар аударды.
Азаматтық істердің сот тәжірибесінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану бойынша тәжірибе жүзінде жұмыс жасалынды. Семинарға Қазақстандық теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің және «YNTYMAQ» Қазақстандық орта және шағын бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіподақтарының мүшелері қатысты. Семинардың қатысушылары тиісті сертификаттармен марапатталды.