СПОРТ – САУЛЫҚ КЕПІЛІ

Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткері Мұстақым Біләлұлы Ықсановты еске алуға арналған волейболдан ардагерлер арасындағы ашық облыстық турнирге өз үлесін қосып келеді. Аталмыш турнир жыл сайын ұйымдастырылады. 

2019 жылдың 20 сәуір күні салалық кәсіподақ өкілдері турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, қатысушыларға ынталандыру сыйлықтарын тапсырды.