«YNTYMAQ» салалық кәсіподағының жаңа төрағасы сайланды

«Yntymaq» қазақстандық орта және шағын бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы болып Жанабеков Қайрат Құттыбайұлы сайланды

Жанабеков Қайрат Құттыбайұлы 1985 жылы 27 маусымда Қарағанды облысының Жезқазған қаласында дүниеге келген.

Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Тарих» мамандығы бойынша үздік бітірген (2006 ж.).

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін «Қазақстан тарихы» мамандығы бойынша магистр атағына ие болды (2008 ж).

Еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясының аспиранты. Саясаттану ғылымдарының кандидаты (2013 ж., Мәскеу қ.).

Еңбек жолын 2006 жылы Астана қаласының Медицина колледжінде оқытушы болып бастады.

2007-2008 ж.ж. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент музейінде ғылыми-зерттеу бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы, басшысы қызметтерін атқарды. Кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды.

2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы төрағасының көмекшісі.

2010-2013 жылдары Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы жастармен жұмыс жөнінде комиссиясы төрағасының орынбасары.

2013 жылы Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы жастармен жұмыс жөнінде комиссиясы төрағасы және Оқу-әдістемелік орталығының басшысы болып еңбек атқарды.

2014 ж. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының оқыту, зерттеу және дауларды шешу орталығының директоры

2015 ж. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының жастармен жұмыс жөнінде Департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2015-2018 жылдары Маңғыстау облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы болып қызмет атқарды.

2019 ж. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының әлеуметтік экономикалық қатынастар және әлеуметтік әріптестік жөніндегі Комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс жасаған.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2016), Қазақстанның жастар саясатына қосқан үлесі үшін төс белгісімен (2013), Жалпыға ортақ кәсіподақтар Конфедерациясының құрмет грамотасымен (2014), Жетібаймұнайгаз 50 жылдығына орай медалімен, ҚР кәсіподақтар Федерациясының құрмет грамотасымен және басқа алғыс хаттармен марапатталған.