Кәсіподақ қызметіндегі жаңа леп – «SMART YNTYMAQ»

Ағымдағы жылғы 24 сәуірде ҚР Кәсіподақтар федерациясы базасында «YNTYMAQ» қазақстандық орта және шағын бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ Коллегиясының кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері мен салалық кәсіподақ филиалдарының төрағалары қатысты.

Сондай-ақ, жиын аясында еліміздегі бизнес саласы еңбеккерлерінің әлеуметтік әл-ақуалы, салалық кәсіподақтың ішкі тыныс-тіршілігі бойынша бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Оның ішінде, кәсіподақтың мүшелік жарнасын төлеу, орналастыру және белгілі бір іс-шараларға пайдалану тәртібі басты назарда болды. Сонымен қатар, салалық кәсіподақтың басшылық құрамы өзгерді. «YNTYMAQ» қазақстандық орта және шағын бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіподағының жаңа төрағасы болып Қайрат Құттыбайұлы Жаңабеков сайланды.

Кәсіподақтар қызметіндегі елеулі бастама – «SMART YNTYMAQ» қосымшасы таныстырылды. Айта кетсек, ағымдағы жылы «Транстелеком» АҚ мен «YNTYMAQ» Қазақстандық орта және шағын бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ арасында «SMART YNTYMAQ» қосымшасын дайындау туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Бүгінгі таңда әр қызметкер өз еңбекақысын банк карталары арқылы алатыны анық. Күнделікті өмірде олар өз қажеттіліктерін өтеу үшін түрлі құралдарды, қондырғыларды, сандық сервистерді қолданады. Дегенмен, кейбір кәсіпкерлердің банк карточкалары, интернет-банкинг немесе қолма-қол төлейтін терминалдар арқылы төлем қабылдауға мүмкіндігі жоқ.

Сондай-ақ, әр жұмысшы тауар, қызметті алған кезде, қандай да бір жеңілдіктердің, бонустардың болғанын қалайды.

Осы орайда салалық кәсіподақтардың ішінде тұңғыш рет «YNTYMAQ» кәсіподағы «PROFCARD-100% CASHBACK» жүйесін іске қосуда. Кәсіпкерлерге ақысыз негізде жүйеге қосылу және клиенттік базаны толтыру мүмкіндігі ұсынылады.

2019 жылғы 24 сәуірден бастап «YNTYMAQ» кәсіподағының әр мүшесі электронды кәсіподақ картасының иегері атанады. Яғни, кәсіподақ мүшелері серіктес кәсіпорындарында тауар немесе қызмет сатып алу кезінде 1 теңге = 1 бонус жүйесі бойынша бонустар жинақтайды.

Кәсіподақ мүшесіне серіктес кәсіпорынға бонус картасын ұсыну үшін ғаламтор желісі қосылған смартфон болса, жеткілікті. Бұл бонус жүйесінің басты тиімділігіне келер болсақ, кәсіподақ мүшесі қандай да бір нақты кәсіпорында тауар алуға ниетті болмайды. Осыған орай, ҚРКФ кәсіподақ

мүшелеріне жинау мүмкіндігі беріледі, яғни кейін жиналған бонустарды қажетті тауарға немесе қызметке жұмсай алады. Бұл жүйе республика бойынша жүзеге асырылмақ.