«Creative» жас педагогтар облыстық форумы өтті

30 сәуірде Қызылордада білім қызметкерлерінің​ «Creative» жас педагогтар облыстық форумы өтті.

Форумға облыстың білім саласындағы жас қызметкерлер, белсенді жас кәсіподақ мүшелері қатысты.

Жастар жылы аясында өткізілген Форумның ашылу салтанатында облыстық білім басқармасы басшысы М.Мелдебекова, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы Т.Маханов, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы С.Сермағамбетов, білім ​ және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық ұйымы төрайымы Р.Байназарова ​ ​ қатысып, жас педагогтарға жастар жылында артылып отырған сенім мен міндеттің мәніне тоқталды. ​ Форумның секциялық жұмыстарында жас педагогтармен әлеуметтік желідегі белсенділік турасында ойлар мен жастардың кәсіпкерлікті қолға алуындағы креативті идеялары ортаға салынды. ​

Форум нәтижесімен облыстың педагог жастары Үндеуі қабылданып, белсенді жас педагогтар арнайы марапаттармен марапатталды.