АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ 12 АУДАНЫНДА АМАНКЕЛДІ ТАСПИХОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫ АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясынан Президенттікке үміткер Аманкелді Таспиховтың Ақтөбе облысының барлық 12 ауданында қоғамдық штабы ашылып, атқарылатын іс шаралар жоспары пысықталып, алдағы міндеттер мен мақсаттар белгіленді.

Штабты аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары басқарып, құрамына кәсіподақ белсенділері мен еңбек ардагерлері кіріп, барлығы 62 сенімді өкілдер тіркелген болатын.

Сонымен қатар, әр аудандық штабта қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды, онда қарапайым халық мұң-мұқтаждарымен бөлісуге, сұрақтар қойып, тілектерін білдіре алады.

Ақтөбе облысында «Кәсіподақтар федерациясы» атынан сайлауға түскен үміткерді қолдайтын 6 мыңнан астам азаматтың қолы жиналды. Сенімді тұлғалар белсенді еңбек етіп, бұл көрсеткіш санаулы күннің ішінде тіркелген және қойылған қолдың барлығы да расталды. Штабтың сайлау алдындағы жұмысы барысында Амангелді Таспиховтың облыста 150-ден астам сенімді өкілі кандидат үшін үгіт-насихат жүргізетін болады.

Бүгінгі таңда Кәсіподақтар федерациясы 2 миллионға жуық адамды біріктіретін, еліміздегі ең ірі қоғамдық ұйым болып табылады, оның ішінде 500 мыңнан астамы жастар болып табылады.

Кәсіподақ көшбасылардың алдыңғы қатарында, жалпақ жұрттың шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген, кәсіподақ көшбасысы, белгілі тұлғалардың бірі – Президенттікке үміткер Аманкелді Сатыбалдыұлы ТАСПИХОВ болып келеді.

А.Таспиховтің қарапайым ұстаздардың отбасында тәлім-тәрбие алып, еңбек жолын 1982 жылы Алматы ауыр машина жасау зауытында инженер-технолог болып бастады. Батыс Қазақстан облысы маслихатының депутаты, сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаты болып сайланған, елге сіңірген еңбектері бағаланып «Құрмет» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталып, халықтың мүддесі мен сенімін басты орынға қойып, қарапайым жұмысшылардың мүдделерін қорғау мен жақсарту ұстанымыые сақтап қалды.