Алматыда президенттікке үміткер Амангелді Таспиховтың аймақтық қоғамдық штабы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Ол еліміздегі Кәсіподақтар федерациясының атынан кандидат ретінде ұсынылған. Бұл федерацияға 22 салалық, 16 аймақтық бірлестік пен 18 мың бастауыш ұйым кіреді. Жақында ғана Нұр-Сұлтан қаласында сайлауалды штабы ашылған болатын. Оны федерация төрағасы Бақытжан Әбдырайым басқарады. Бұл орталық аймақтық қоғамдық штабтардың жұмысын да қадағалайды. Зәуреш Өмірбаева, қалалық сайлауалды штабының басшысы: – Бүгінгі күні барлық ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстар аяқталды. Жүйелі жұмыс кестесі жасалды. Жоспар бойынша 100-ден аса шаралар өткізу көзделген. Бүгінде үміткердің 100 сенімді өкілі, 3 жүз бақылаушы тіркелді.