Бүгін 12 мамыр күні Маңғыстау облысы кәсіподақтар орталығының конференц-залында ҚР Президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың аймақтық қоғамдық штабы ашылды.
Штабтың жұмысын кәсіподақ орталығының төрағасы, кандидаттың өкілетті өкілі К.М. Жаулин басқарды. Штаб аймақтың белгілі және беделді азаматтарынан және жастар белсенділерінен құралған.
Олардың ішінде: кәсіподақ қозғалысының ардагері, облыстық Кәсіподақ Кеңесінің төрағасы Айналиев Имамади Әлиұлы,қаланың құрметті азаматы,еңбек ардагері Дәулетов Марат Мұгаллимұлы және көп жылдық еңбек өтілі бар, облыстық кәсіподақ комитетінің еңбек сіңірген бухгалтері Надирбаева Мейрамгүл Алуадиновна, сондай-ақ өңірдің салалық және жергілікті кәсіподақ төрағалары ,«Келешек» жастар кеңесінің өкілдері мен т.б. кәсіподақ белсенділері.
Таныстыру барысында ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховты аймақтық қолдау штабының төрағасы К.М. Жаулин еліміздің барлық облыстарында аймақтық штабтар ашылып жатқанын, бүгінгі күнде Маңғыстау облысы бойынша 100 сенімді өкіл тіркелгенін және облыс бойынша 223 сайлау учаскесі бар екенін жеткізді. Ол кәсіподақтар бүгінгі күні экономиканың барлық салаларының кәсіптерін ұсынатын ең бұқаралық қоғамдық ұйым болып табылатындығын және заңнамалық негізде еңбек және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеуде қызметкерлердің мүдделерін қорғайтын ұйым екендігін атап өтті.
Облыстық қоғамдық штаб жанынан қоғамдық қабылдау жұмыс істейді және кол-орталық құрылды. Қоғамдық штаб мүшелерінің міндетініне ашық,әділ сайлауды қамтамасыз ету болып табылады.
Жиында жалпы ұйымдастырылып, атқарылатын іс-шаралар жоспары штаб мүшелерімен пысықталып, алдағы атқарылатын міндеттер туралы пікір алысумен жалғасын тапты.