Бүгін Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік үниверситеттің «Жастар Сарайында» ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың Жамбыл облысы бойынша сенімді өкілдері оқытушы – профессорлар құрамы және студенттермен жұмыс кестесіне сәйкес үгіт – насихаттық кедесуін өткізді.
Алқалы кездесуге 250 астам сайлаушы қатысты.
Кезедесуде А. Таспиховтың Жамбыл облыстық қоғамдық штабының жетекшісі, сенімді өкілі М. Төлепберген сайлаудың саяси маңызын атап көрсете келе кандидат А. Таспиховтың өмірбаянымен және сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, ҚР Федерациясынан ұсынылып отырған кандидаттың лайықты еңбегі мен азаматтық тұлғасын жан-жақты айтып берді.
Кездесуге қатысушылар кандидаттың тұғырнамасының өзекті және еңбек адамдарының құқы мен мүддесін қорғау тұрғысындағы әрбір мәселеге орай өз пікірлерін айтып, толғандырған сұрақтарын қойды. Жалпы Қазақстан кәсіподағының қызметін жандандырып, жаңа биікке көтеру мүмкіндіктерін қолдады.
Әсіресе, еңбек қауіпсіздігі мен ұжымдық шарттың әлеуметтік маңыздылығына ерекше ден қойды, кәсіподақтардың ұстанып отырған көзқарастары мен нақты қадамдары сайлаушылар тарапынан қолдау табуына ниет білдірді.
Жиын барысында барлық салалық кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері де облыс бойынша басталған алғашқы алқалы кездесуге қатысып, олар да сайлаушылардың пікіріне үн қатты. Осылайша Жамбыл облысында үгіт-насихат тікелей сайлаушылардың қатысумен атқаратын жұмыстары өз бастау алды.