Бүгін түстен кейін Жамбыл ауданының мәдениет үйінде ҚР Президенттігіне кандидат А. Таспиховтың Жамбыл облысы бойынша қоғамдық штабының төрағасы және сенімді өкілдері Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының жұртшылық өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесуге 150-ден астам сайлаушы қатысты. Кездесуде А. Таспиховтың Жамбыл облыстық қоғамдық штабының жетекшісі, сенімді өкілі М. Төлепберген сайлаудың саяси маңызын атап көрсете келе кандидаттың өмірбаянымен және сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды.
Тұрғырнамада көрсетілген өзекті мәселелермен пікір алысылды. Еңбек адамы және құқын қорғау өркениетті елдің белгісі. Қазақстан кәсіподақтарының қоғамдағы белсенді және оның өміріміздегі алатын орны ой арқауына негіз болды.
Тұғырнама нақты, кандидаттың азаматтық позициясы мен абырой беделі жалпы кәсіподақтың мәртебесін арттыратыны сөзсіз. Жиында штаб мүшесі Е. Мағзымбеков, аудандық сенімді өкіл Е. Тәжібаев сөз сойлеп, кандидаттың тұғырнамасына сәйкес жалпы кәсіподақтың мүмкіндіктері мен мәртебесін көтеруге бұл сайлаудың әсері мен тигізер ықпалы айқындала түсетінін жеткізді. Халықтың қолдауы – кәсіподақтардың қазіргі қызметін қолдау табылатынына тілек айтылды.
Жиын соңында кандидаттың аудандағы өкілдерінің отырысы болды, сайлаушыларға үгіт –насихат материалдары таратылды. Барлық тиісті ауылдарға насихат материалдарын ілу қарқынды жүргізілуде.