Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық комитеті тарапынан ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілі алғашқы насихат шарасын Ақтөбе облыстық статистика департаменті ұжымымен кездесуден бастады.
Сенімді өкіл елдегі саяси науқанның маңыздылығына тоқталып, департамент қызметкерлеріне ҚР Кәсіподақтар федерациясынан ұсынылған
кандидат А. Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды.
Кәсіподақ мүшелеріне үміткер тұғырнамасында көтерілген қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, жұмысшылардың еңбек құқын қамтамасыз ету, жосықсыз жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру сынды басты мәселелер түсіндірілді, сауалдарына жауап берді.