Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың Жамбыл облыстық қоғамдық штаб мүшелері – сенімді өкілдер Б.Қараулов пен Е.Сарузенов бүгін сағат 10.30-да Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылындағы «Сұлутөр» кинотеатрында аудан жұртшылығымен кездесті.
Кездесуге келген көпшілік қауым саны 150 адамнан асты. Жиында сөз сөйлеген сенімді өкіл Б.Қараулов алдағы сайлау науқанында еліміздегі ең үлкен қоғамдық ұйым болып табылатын Кәсіподақтар Федерациясы ұсынған кандидат А.Таспиховтың еңбек қоғамының негізгі тірегі – қарапайым еңбек адамының әл-ауқатын арттыру, еңбек жағдайын жақсарту сияқты өзекті мәселелер қаралған сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды.
Өз кезегінде сенімді өкіл Е.Сарузенов алдағы сайлауға жаппай қатысып, азаматтық белсенділік көрсетуге шақырды. Сайлаушылар А.Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасына қолдау білдірді.