Маңғыстау облысының аудандарында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат А.Таспиховты қолдау бойынша үгіт науқаны жалғасуда.
Бүгін, 15 мамыр күні кандидат А. Таспиховтың сенімді өкілдері Мұнайлы ауданының Білім Үйлестіру орталығының еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Қатысушылар : «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Мунайлы аудандық филиалының төрайымы, Білім Үйлестіру орталығының әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері, мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері.
Кездесуге қатысушылар кандидаттың өмірбаянымен жан-жақты танысты, сондай-ақ жиында А. Таспиховтың сайлауалды бағдарламасы баяндалды.Бағдарламада қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғаудың, еңбек қауіпсіздігі және еңбекке ақы төлеу мәселелері, сондай-ақ еңбек көші-қонының қозғалысы мәселелері қамтылған. Кездесу соңында барлық қатысушыларға үгіт-насихат өнімдерінің даналары таратылды.
Іс-шара Маңғыстау облыстық қоғамдық штабы мүшелерінің қатысуымен желілік кестеге сәйкес өткізілді.