Маңғыстауда кандидат А.Таспиховты қолдау мақсатында жастар флешмоб ұйымдастырды

Маңғыстауда ашық аспан аясында ҚР Президеттігіне кандидат А. Таспиховты қолдау мақсатында облыс жастарының қатысуымен флеш-моб өтті.

Бүгін, 2019 жылы 15 мамырда Ақтау қаласында15 шағын аудан, теңіз жағалауындағы Амфитеатр жанында жастардан құралған штабтың активистерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат А.С. Таспиховты қолдау мақсатында студенттік Флешмоб өтті.

Жарқын киімдер мен галстуктерде жастармен «Біздің кәсіподақ -еңбек ұжымының тірегі мен күші!», «Біздің кәсіподақ ашық мәлімдейді: кепілдіктер, күш, бірлік, қорғаныс!» ,«Кәсіподақ командасынан мықты, тату одақ табылмас!» «Барлық қазақстандықтарды азаматтық парызымызды орындауға және біздің кандидатқа дауыс беруге шақырамыз!»-деген ұрандар айтылып, қара жорға биі биленді.